Forbes ең ықпалды тұлғаларды анықтады
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Forbes журналы кинорежиссер Стивен Спилбергті ең ықпалды танымал тұлға деп таныды. Бұл туралы Lenta.ru агенттігі хабарлады.
Басылым таратқан ақпаратқа сүйенсек, Спилбергті ықпалды деп америкалықтардың 47 пайызы санайды. Режиссерге бұл атаққа ие болуына «Линкольн» фильмі көмектескен деседі. Аталған кинокартина «Оскар» сыйлығына 12 аталыммен қатысып, оның екеуі жүлде әкелген болатын.
Өткен жылдың жеңімпазы тележүргізуші Опра Уинфри екінші орыннан табылды. Ал үшінші орынды Спилбергтің әріптесі Джордж Лукас иеленді. Бұл рейтинг E-Poll Market Research компаниясының сауалнамасының көмегімен толтырылды. Компанияның E-Score қызметі танымал тұлғаларды 46 сипаты арқылы анықтайды.