Forbes ең жоғары қаламақы төленетін жазушыларды атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes журналы ең жоғары ақы төленетін 15 кітап авторларын атады. Бұл тізімде психолог Алекс Кросс жайлы шытырман оқиғалы романдардың авторы, американдық Джеймс Патерсон көш бастап тұр.
None
None

Өткен жылы оның тапқан табысы 94 млн. долларды көрсеткен. Екінші орын Стивен Кингке (36 млн. доллар), үшінші орын - махаббат және детектив жанрының авторы Джанет Ивановичке (33 млн. доллар), төртінші - 26 млн. доллар табыс тапқан Джон Гришэмге бұйырды. Тізімде одан кейінгі орындарда Джеф Кинни, Билл О'Рэйли, Нора Робертс, Даниэла Стил, Сьюзен Коллинз, Дин Кунц, Джоан Роулинг (Гарри Поттер жайлы кітаптардың авторы), Джордж Р.Мартин, Стефани Майер ( "Сумерки" және басқалары), Кен Фолетт, Рик Риордан бар. Аталған авторлардың бәрі американдақтар, олардың көбінің шығармалары Голливуд экранына шығарылған.

Еске сала кетейік, бүгін халықаралық кітап пен авторлық құқық күні.

Соңғы жаңалықтар