Forbes Голливудтың пайдасы жоқ актерларын атады
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Forbes журналы Голливудтың пайдасы жоқ жұлдыздарының жыл сайынғы рейтингін жасады.
Тізімді жасақтау барысында қандай да бір актердың немесе актрисаның қатысуымен түсірілген соңғы үш фильмнен түскен ақша жұлдыздың бұл жобаларда алған гонорарына шағылды.
Ағымдағы жылғы рейтингті Эдди Мерфи бастады. Күлдіргі әртіс картина авторларына 2,3 доллар табыс әкелді. Мерфидің қатысуымен түсірілген "Представь себе", "Тысяча слов" және "Знакомьтесь: Дэйв" фильмдері прокат барысында салынған шығынды ақтамады. Былтырғы жылы актер Голливудтың тым асыра бағаланатын жұлдыздарының рейтингінді екінші болған.
Тізімнің екінші қатарына Кэтрин Хейгл орналасты. Оның қатысуымен түсірілген "Очень опасная штучка" картинасы 37 миллион доллар ғана жинай алды, картина бюджеті - 40 миллион. Хейглге төленген әрбір доллар продюсерлерге 3,4 доллар әкелді.
«Оскарды» иеленуші Риз Уизерспун - үшінші орында. Оның қатысуымен түсірілген "Как знать..." лентасы 49 миллион доллар жинады, картина бюджеті 120 миллион доллар болды. "Значит, война" фильміне салынған 65 миллион 157 миллион болып қайтіп келді. Уизерспунге салынған әрбір доллар 3,9 доллар ғана табыс әкелді.
Асыра бағаланған жұлдыздардың алғашқы бестігіне сондай-ақ Сандра Баллок пен Джек Блэк енді.
2011 жылдың пайдасыз актрисасы Дрю Бэрримор биыл бұл тізімге енбеді. Себебі соңғы үш жылда оның қатысуымен бірде-бір картина прокатқа шықпады. Сол уақытта актрисаға төленген қаламақы фильм авторларына 0,4 доллар пайда әкелген болатын.