Forbes: Хосеп Гвардиола - әлемдегі ең табысты футбол жаттықтырушысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың танымал Форбс журналы әлемдегі ең көп жалақы төленетін футбол жаттықтырушыларының тізімін шығарды. Ондағы дерек бойынша, көш басында мюнхендік «Бавария» клубының бапкері Хосеп Гвардиола тұр, деп жазады ИТАР ТАСС.
Басылымның жазуынша, испандық маман бір маусымда 24 млн. доллар табыс табады екен. Екінші орында жылына 17 млн. доллар көрсеткішімен лондондық «Челсидің» бапкері португал Жозе Моуринью тұр. Үздік үштікті жылына 14 млн. доллар төленетін "Гуанчжоу Эвергранд" Қытай командасының жаттықтырушысы италиялық Марчелло Липпи түйіндейді.