10:54, 12 Шілде 2016 | GMT +5
Forbes тізімі бойынша Тейлор Свифт ең көп ақша табатын жұлдыз атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes журналы бойынша, американдық әнші Тейлор Свифт жылдың ең табысты атақты адамы атанды, деп хабарлайды РИА Новости.
Свифт 100 табысты танымал жандардың көшін бастап тұр. Оның өткен жылғы тапқан қаржысы 170 миллион доллар болған. Ал 1 жыл бұрын 80 миллион доллар еді.
Тізімдегі екінші орын 110 миллион доллар тапқан американдық One Direction тобына тиесілі. Үшінші орында - детективтер авторы Джеймс Паттерсон (95 млн. доллар) тұр.
Танымал жандардың толық тізімі кейінірек жарыққа шығады.
Американдық Forbes журналы 1999 жылдан бері жұлдыздардың рейтингін жасап келеді. Рейтинг құрарда Nielsen компаниясы, Box Office Mojo және IMDB сайттарының мәліметтері негізінде жұлдыздардың кірісі есептеледі.