Forbes тізіміндегі 2 кәсіпкер су тасқынынан зардап шеккендерге қомақты қаражат аударды

Итемгенов Мынбаев
Коллаж: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазақстан халқына» қорының су тасқынынан зардап шеккендерге қомақты қаражат аударғандар тізімі тағы екі бизнесменмен толықты. Олар: Қайрат Итемгенов пен Алмас Мыңбаев.

Қор мәліметіне қарағанда, Қайрат Итемгенов 1,3 млрд, ал Алмас Мыңбаев 450 млн теңге аударған. 

Қайрат Итемгенов Aqniet Group ЖШС-нің мажоритарлық акционері саналады. Компания Europharma жәнн ArzanPharm дәріхана желілерін басқарады. Ол өткен жылы елімізде шығатын Forbes журналының «Қазақстандағы 50 ең ықпалды бизнесмен» және «Қазақстанның 50 ең дәулетті бизнесмені» рейтингтеріне енген еді.

Алмас Мыңбаев - Nomad Life және «Номад Иншуранс» сақтандыру компаниялары директорлар кеңесінің төрағасы. Ол да өткен жылы «Қазақстанның 50 ең дәулетті бизнесмені» қатарына қосылды.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны ауыртпалығын еңсеруге жәрдемдескен бизнес өкілдерімен және еріктілермен жүздесіп, зардап шеккен халыққа нақты көмек көрсету ісінде бизнесмендердің рөлі зор екеніне айрықша назар аударған болатын.

Тасқын салдарын жоюға Forbes тізіміндегі бай-манаптардан кімдер тартылуы мүмкін? Тізіммен мына жерден таныса аласыздар. 

24 сәуірдегі мәлімет бойынша су тасқыны кезінде кәсіпкерлер бөлген қаражат 200 млрд теңгеге жуықтады

 

Соңғы жаңалықтар