Forbes: В. Путин - әлемдегі ең ықпалды адам
АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - РФ Президенті Владимир Путин Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең ықпалды адамдар тізімінде көш бастады, деп хабарлайды «РИА «Новости» ақпараттық агенттігі.
«Ресей Президенті Владимир Путин Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең ықпалды адамдар тізімінде көш бастады. 61 жастағы саясаткер АҚШ басшысы Барак Обама (2-орын) мен Қытай төрағасы Си Цзиньпинді (3-орын) басып озды», - делінген хабарламада.
Барлығы Forbes рейтингісіне 72 әлемдік саясат, экономика және қоғам қайраткері енген.