«Forbes» журналы Черногорияны туристер үшін жайлы елдердің үштігіне енгізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық «Forbes» қаржы-экономикалық журналы Черногорияны 2015 жылы саяхат жасау үшін үздік орын ретінде үштікке енгізді, деп хабарлады «Черногория-клуб.ру» сайты.

 «Forbes»  журналы Черногорияны туристер үшін жайлы елдердің үштігіне енгізді

Мақалада елдің тамаша орындарына сипаттама берілген. Автордың пікірінше, Черногория көп уақыт бойы көршілес Хорватияның тасасында қалып келген, дегенмен енді оған көңіл аударатын кез келді.

Туристерді 180-мильдік жағалау, мұзды көлдері мен өзендерінің таулы ландшафтысы бей-жай қалдырмайды.

Журналда ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Дурмитор ұлттық саябағы мен ежелгі Котор қаласына баса назар аударған. Черногорияның әдемілігі саяхатшыларды ғана емес, қонақүйлер желісін салуға ынталы жаңа инвесторларды да қызықтырары сөзсіз. Көптеген адамдар осы жерден үй-жай сатып алуға да ынталы көрінеді. Туристерге жайлы көшбасшылардың қатарында Намибия мен Литва елдері де бар. Танымал «Forbes» журналы 2015 жылы осы үш елде саяхаттауға кеңес береді.