«Форбс» журналының рейтингісі бойынша әлемдегі ең бай мемлекет аталды

Беделді басылым құрастырған рейтингіде жан басына шаққанда орташа жылдық табыс 88 мың 222 АҚШ долларын құраған Парсы шығанағындағы кішкентай араб мемлекеті бірінші орынға шықты. Бұл туралы египеттік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.
Катар барланған табиғи газ қоры көлемі бойынша әлемде үшінші орын алады, ол әлемдік нарықта көмірсутектеріне жоғары баға есебінен 2010 жылы едәуір жоғары көтерілді. Катар экономикаға орасан зор шетелдік инвестициялар тарта отырып, өз экономикасын әртараптандыру және шикізат экспортынан тәуелді болмау мақсатында елдің инфрақұрлымын дамытуға орасан зор қаржы салуда.
Әлемнің ең бай 15 елінің қатарында арабтың мұнайлы монархияларынан Біріккен Араб Әмірліктері (жан басына шаққанда 47 мың 439 АҚШ доллары, 6 орын), Кувейт (жан басына шаққанда 38 мың 775 АҚШ доллары, 15 орын) кірді. Әлемдегі мұнайдың ірі экспорттаушысы - Сауд Арабиясы «Форбс» журналының топ-парағына енбей қалды.