Ford 1,4 миллион көлігін кері қайтарып алуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ford компаниясы Солтүстік Америкада сатылған 1,4 миллион көлігін кері қайтаруда. Бұған рульдегі басқаруды күшейту тетігіндегі ақау себеп болған, деп хабарлады 24.kz.

Ford 1,4 миллион көлігін кері қайтарып алуда

Қара тізімге іліккен көліктердің ішінде 2011-2013 жылдары жасалған Ford Explorer жол талғамайтын көліктері мен 2008-2011 жылдары шығарылған Ford Escape, Mercury Mariner модельдері бар. Сондай-ақ, сарапшылар «көлік жасаушылар General Motors компаниясы өндірісінен шыққан көліктердегі кемшілікті жасырып, оннан астам апатқа себеп болған оқиғадан кейін қауіпсіздік мәселелеріне көңіл бөле бастады», - дейді.