Ford күн батареясымен жүретін машина жасап шығарды

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - «Ford» концерні бензинмен және күн батареясымен жүретін гибридтік автокөлік жасап шығарды.

Ford күн батареясымен жүретін машина жасап шығарды

Күн батареялары көліктің төбесінде орналасқан. Күн жоқ кезде оны электр желісіне қосып, қуаттауға болады. Ашық күндері аккумулятор 4 сағат ішінде толық қуат алады. Бұл 1000 шақырым қашықтықты жүріп өтуге жетеді, деп хабарлайды «Российская газета».