Фордтар әулетінің соңғы тұяғы дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та 88 жасында атақты автомобиль компаниясының негізін қалаған Генри Фордтың соңғы немересі - Уильям Клэй Форд-үлкені дүниеден өтті, деп хабарлады РБК.

Фордтар әулетінің соңғы тұяғы дүниеден өтті

Уильям Форд-үлкені алпыс жылға таяу уақыт Форд автомобиль концернін басқарды. Компанияның ресми мәлімдемесінде оның Форд автомобильдерінің дизайнын таңдауда басты рөл атқарғанs атап өтілген. Сонымен қатар үлкен-Форд ұлттық футбол лигасының «Детройт Лайонс» клубының иесі болған.