Формула-1: Бахрейн жүлдесінің жеңімпазы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы «Формула-1» автожарысының үшінші кезеңі, Бахрейн бас жүлдесі үшін бақ талас аяқталды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Жарыс нәтижесі бойынша, бірінші орынды Mercedes командасынан британиялық Льюис Хэмилтон алса, екінші орын оның серігі неміс Нико Росбергке бұйырды. Росберг Хэмилтоннан небәрі бір секундқа қалып қойды. Үшінші болып мәреге жеткен мексикалық Force India командасының автошабандозы Серхио Перес болды. Ол бұл жарысқа бірінші рет 2012 жылы шыққан болатын.