«Формула-1» бәсекесінде жарақат алған пилот көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Жапониядағы жарыста эвакуаторға соғылған "Формула-1"-дің франциялық пилот Жюль Бьянки қаза тапты, деп хабарлады "Р-Спорт".
None
None

Facebook желісінде: "Жюль соңғы сәтке дейін өмір үшін күресті, алайда ол көз жұмды", деп жазды оның отбасы.

Еске сала кетейік, 2014 жылы 5 қазанда Жапонияда "Маруси" велошабандозы Бьянки трассадан шығып кетіп, "Заубер" спортшысы Адриан Сутильдің көлігін әкетіп бара жатқан эвакуаторға соғылған еді. Француз бас сүйегі жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бір айдан кейін ол жасанды комадан шығарылды. 3 тамызда Бьянки 26 жасқа келер еді.

Соңғы жаңалықтар