«Формула-1»: Хэмилтон Австралияда Гран-приді олжалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиядағы жаңа "Формула-1" чемпионатының бірінші турнирінің Гран-Приін британдық «Мерседес» командасының ойыншысы, қазіргі чемпион Льюис Хэмилтон ұтып алды.
Екінші орынды Хэмилтонның команда бойынша әріптесі - неміс Нико Росберг иеленсе, үшінші орын «Феррариден» неміс Себастьян Феттелге бұйырды.
"Ред Булл" үшін шыққан ресейлік Даниил Квят көлігінің ақауына байланысты жарысқа қатыса алмады.
Мәре сызығына дейін 11 болид жетті.
"Формула-1" келесі кезеңі Малайзияда 27 - 29 наурыз аралығында өтеді.