«Формула-1» жарысының жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер спортқа қайта оралады

АСТАНА. Шілденің  30-ы.  ҚазАқпарат -  «Формула-1»  жарысының  жеті дүркін чемпионы Михаэль  Шумахер    Ferrari командасының      жарақат  алып қалған  пилоты   Фелипе Массаның    орнына  жарыс  жолына  шығатын  болды,

«Формула-1» жарысының   жеті  дүркін чемпионы Михаэль Шумахер спортқа   қайта  оралады

деп хабарлайды  CNN  телеарнасы.   Бұл шешім     М.Шумахер  мен команда басшылығының кездесуі барысында  қабылданып   отыр.

Естеріңізге сала  кетейік,    Фелипе Масса  өткен  аптада   «өміріне  қауіпті» бас жарақатын алып,    ауруханаға түскен     болатын. Бразилиялық пилот    «асау»  болидін игере алмай,    апатқа ұшырап, бас  жарақатын алды.

М.Шумахер -    әлемнің  жеті  дүркін чемпионы,    «Формула-1» додасының  көптеген  рекордтарының  иегері,    автоспорт тарихындағы  ең   табысты   пилот. Ол өзінің  спорттық мансабын  2006 жылы аяқтаған болатын. Енді міне,    өзінің сүйікті спортына  қайта  оралғалы  отыр.