Формула жарыстарында Қазақстан намысын 17 жастағы қыз қорғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің жас автошабандозы, картингтен Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы Любовь Андреева Formula Russia жарысына қатысады, деп хабарлайды жарыстың ресми сайты.

Формула жарыстарында Қазақстан намысын 17 жастағы қыз қорғайды

17 жасар жас қыз өткен жылдың соңында шақырту алған болатын, бүгіндері ол 2014 жылдың көп кезеңді жарыс қатысушыларының қатарына енгізілді.

Formula Russia оның мансабына үлкен серпіліс беруі мүмкін. Егер өзін жақсы көрсеткіштермен көрсетіп жатса, кейін F2, GP2, Formula Renault 3.5 жарыстарына шыға алады. Олар өз кезегінде ең беделді дода - Формула-1 жарыстарына жолдама бермек.

«Любовь Андрееваның оған барлық мүмкіндіктері бар, ол жастайынан картингпен айналысады, өзі жас, ең бастысы бұл бастамасын жанұясы қолдап отыр», - деп жазады сайт.

Бүгінгі таңда Любовь сәуірде өтетін сынақ жарыстарына дайындалуда. Гран-Придің алғашқы айналымы Татарстанда KazanRing автодромында 10-11 мамыр күндері өтеді.

Қазір ресейлік формулаға қатысу үшін Л.Андреева демеуші іздеп жатыр.