«Форсаж-7» фильмінде Вин Дизель мінген суперкар таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубайда өткен конференцияда Lykan HyperSport суперкары күллі әлемнің назарына ұсынылды.
None
None

Айта кету керек, бұл ұшқыр көлік "Форсаж-7" (The Fast and the Furious) фильмінде Вин Дизельдің темір тұлпары ретінде бой көрсетеді.

Мұнан өзге, суперкөлік небәрі 3 секундта 100 шақырымға дейін жылдамдығын арттыра алады. Lykan HyperSport - екі орынды болид, ол қымбаттылығы жағынан әлемдегі үшінші көлік саналады, ал бағасы - 3,4 млн доллар.

Суперкардың ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 395 шақырым, қозғалтқыш көлемі - 3,7 литр, қуаты - 770 жылқының күші. БАӘ-де орналасқан компания Lykan HyperSport көлігін италиялық Торино қаласында шығарады екен, деп жазады 24.кз .

Соңғы жаңалықтар