11:50, 28 Желтоқсан 2015 | GMT +5
«ForteBank» АҚ басқармасына жаңа төраға тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ForteBank» АҚ Басқармасына жаңа төраға болып Талғат Жұманұлы Қуанышев сайланды, бұл туралы Қазақстан қор биржасынан хабарлады.

«Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «ForteBank» АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE), Директорлар кеңесінің шешімі туралы хабарлады: Банк басқармасының бұрынғы төрағасы Исатаев Тимур Ризабекұлы 2015 жылдың 25 желтоқсанына бастап өкілеттігін тоқтатты. Алайда, Т.Р.Исатаев Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде басқаруға қатысуды жалғастырады. Сонымен қатар, Банк Басқармасының төрағасы болып бұрын Банк Басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған Талғат Жұманұлы Қуанышевты сайлау туралы шешім қабылданды», делінген хабарламада.