Fortune журналы Facebook негізін қалаушы Марк Цукербергті жыл бизнесмені деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг Fortune журналы ұйымдастырған «Жыл бизнесмені» рейтингінде бірінші орын алды. Тізімде барлығы 50 адам бар.

Fortune журналы Facebook негізін қалаушы Марк Цукербергті жыл бизнесмені деп атады

«Марк Цукерберг небәрі 32 жаста, бірақ  ол құны $375 млрд, кірісі $22 млрд, және 1,8 млрд.-қа жуық пайдаланушылары бар ықпалды компания құрып үлгерді. Оның біз өмір сүріп отырған әлемдегі жаңашылдыққа ұмтылысы көп нәрсені аңғартады»,- деп жазады Fortune.

Рейтингте екінші орынды Amazon Джефф Безос иеленді (бұған қоса ол Bloomberg нұсқасы бойынша ең бай американдық рейтингінде екінші орынды алып отыр). Үшінші орын - Ulta Beauty косметикасының желілік дүкендерінің бас директоры Мэри Диллонның еншісінде.