«Fortune» журналының рейтингі бойынша «Ксерокс» компаниясы үздік деп танылды
АЛМАТЫ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Ксерокс» компаниясы «Fortune» журналының «Компания. Лайықты таңдау» рейтингі бойынша «АТ – құралдар» дәрежесі бойынша №1 компания деп танылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ксерокс» қазіргі таңда дүние жүзінің 170 елінде өзінің 200-ден астам атаулы өнімдерін сататын баспа технологиясы саласындағы әлемнің жетекші өндіріс орны болып саналады. Корпорацияның Орталық Азиядағы әріптестік желісінде 190-нан астам ірі серіктестері бар. Аймақта «Ксерокс» өнімдерін сатудан басқа 50-ге жуық сервистік орталық жұмыс жасайды.