Форумға қатысушылар әлемдік валюта идеясын қолдауда

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі форумға қатысушы көптеген азаматтар біздің әлемдік валютаны енгізу жөніндегі ұсынысымызды қолдап отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін елордада басталған II Астаналық экономикалық форум барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біздің ортақ валютаны енгізу жөніндегі ұсынысымыз тым батыл естілуі мүмкін. Бірақ менің осы форумға қатысушы делегаттармен өткізген кездесулерім олардың бұл идеяны қолдайтындығын көрсетті. Олардың ішінде Нобель сыйлығының иегерлері Роберт Манделл, Эдмунд Фелпс және тағы басқа шетелдік меймандар бар. Олар бұл идеяны қолдайды және біздің осы бағыттағы көзқарасымыз бірдей болып отыр. Бүгін Астанадағы II Экономикалық форумға әлемдік элитаның көшбасшылары жиналды. Олар - болашаққа көз тастап, нақты болжам жасай алатын кәсіби мамандар. Сондықтан бүгін талқыға салынып отырған әлемдік валюта мәселесі көптеген халықаралық жиындардың пысықтауына түсіп, ағымдағы жылы сәуір айында өтетін мемлекет басшылардың басқосуында негізгі мәселе ретінде қарастырылады деп сенемін. Ал осы жұмысқа II Астаналық экономикалық форум бастау болады деп білемін», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар