Фоторепортаж: Алматы ақ ұлпа қарға оранды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда алғашқы қар түсті.

Фоторепортаж: Алматы ақ ұлпа қарға оранды

Алғашқы қар әсем қаланың көркін одан әрі аша түсті. Ақ көрпе жамылған ағаштардың жапырағы әлі түсіп те үлгермеген. Іле Алатауының басы демде ағарып шыға келді.

Алматылықтар әлеуметтік желілерді қар басқан аулалардың суреті мен видеоларға толтырды.
Синоптиктер 5 қазанан бастап қар жауатыны жайлы ескертіп келді.
Қала билігі қар түсуіне байланысты автомобиль жүргізушілеріне дөңгелекті ауыстыруға ескерту жасады.
Айта кету керек, жауын араласқан қар 5 қазан түнгі уақытта басталған еді. Қаланың ішінде түскен қардың қалыңдығы 3 см болса, таулы аймақтарда одан да жоғары болды. Қала көшелерін тазалауға 285 көлік пен 164 жұмысшы жұмылдырылды.