ФОТОРЕПОРТАЖ: ҚазАқпараттың 95 жылдығы - 1-бөлім (табиғат)
Жедел ақпараттар көп жағдайда оқиға орнынан фоторепортаждармен сүйемелденеді. Алайда біздің фото тілшілеріміз оқиғаны барынша әсерлі етіп көрсету үшін деректі түсірілім жасап қоймай, материалдарды ашық көркем түсірілімдермен безендіруге тырысады.
ҚазАқпарат журналистері қай өңірден жазса да, қайда іссапарға шықса да, олар жұрт сүйсіне оқитын тың тақырыптарды қамтуды басты мақсаты етеді. Ойы сергек, көңілі зерек - ізденімпаздығы қаруы болған журналистер жұмыстан тыс уақытта да шығармашылыққа ұмтылып, көргенінен ой түйіп жүрер қасиетімен ерекше.
Қазақстанның көз тартатын әсем келбетін, сыр-сипатын, сәулетті ғимараттарын паш ететін ерекше көріністерді беруде біздің фоторепортаждарымыз еліміздің таңғажайып, сәні жарасқан табиғатының ең тамаша тұстарын келісті ұсына білді. Мұнда кіші Швейцария аталып кеткен Бурабай, Жоңғар Алатауы тауларындағы қар қабыланы, Қорғалжындағы қызыл қоқиқаз, Маңғыстаудағы Шерқала сынды ұлы даланың теңдессіз ғажайыптары қамтылған.