ФОТОРЕПОРТАЖ: Қазақстан журналистері тұтқиылдан шабуылдаған «лаңкестерден» қорғанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірнеше күн ішінде Қарағандыдағы «Спасск» орталығы қазақстандық журналистердің, республикалық БАҚ-тың, блогерлер мен ҚР Қорғаныс министрлігі арнайы мақсаттағы әскери қызметшілердің өзара іс-қимыл жасау эпицентріне айналды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

ФОТОРЕПОРТАЖ: Қазақстан журналистері тұтқиылдан шабуылдаған «лаңкестерден» қорғанды

Журналистер іс жүзінде қарулы жанжал аймағында қозғалып жатқан автомобильді лекке кенеттен шабуыл жасау кезінде іс-қимылдарды пысықтай алды.

Бүгінгі шынайы өмірде журналист заңсыз қарулы бандқұралымдардың өкілдері үшін баға жетпес «олжа» болып табылатынын айта кеткен жөн. Әртүрлі психологиялық айла-тәсілдер мен психотроптық заттарды пайдалана отырып, бандқұралымның қолайлы бейнесін келтіру үшін журналисті тартуы мүмкін. «Тілшілерді ұрып-соқпайды, олар жанжалдасатын тарап емес, олар құнды кепіл ретінде маңызды», - деп атап өтті әскерилер.