Фотосурет тарихы – Ақмоланың Бытығай мен Беспақыр кесенелері
Бұл фотосуреттерде Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы әйгілі екі кесене – Бытығай мен Беспақыр бейнеленген. Ақмола облысы Мәдениет басқармасы Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бас инспекторы Гүлім Рақымжанова Kazinform тілшісіне көне сәулет ескерткіштері туралы баяндап берді.

«Қорғалжын ауданы — Ақмола облысының туристік аймақтарының бірі. Ол әсем табиғатымен ғана емес, бай тарихымен, әйгілі жерлерімен де танымал. Бұл аумақта үнемі көшпелілердің жайылымдары болған. Аудан 1928 жылы құрылды, оған құрамына алты болыс кірді. Дәл сол кезде Қорғалжын ауылы пайда болды. 1932-1941 жылдар аралығында аудан Қарағанды облысына қарады. 1941 жылдан бастап ол Ақмола облысының құрамына енді», — деп бөлісті әңгімелесуші.
Қорғалжын өңірінде көне қорымдар, сақ және көне түркі дәуірінің нысандары өте көп. Олардың арасында Бытығай, Беспақыр кесенелері де бар. Біріншісі Нұра өзенінің сол жағалауында орналасқан. Кезінде кесененің орнында Бытығай (немесе Тәтіғай) қаласы тұрды.
«Кейбір тарихи деректерге қарағанда, кезінде Бытығай Тәуке ханның ордасы болған. Ұлы Жібек жолының керуен жолдары осы жерден өткен», — деді Г.Рақымжанова.
Беспақыр мазары Нұра өзенінің оң жағалауында, Қорғалжын ауданы, Абай ауылында ескі қорым аумағында орналасқан. Мазар құрамына қой сүті, жүн, жылқының қылы, балшық кірген өңделмеген кірпіштен тұрғызылған.
«Халық арасында Беспақыр мазары қазақтың соңғы ханы Кенесарының басшылығымен 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық соғыста қаза тапқан бес сарбаздың құрметіне салынған деген аңыз бар», — деп қосты Г.Рақымжанова.
Бұл мазар екі бөліктен тұрады — негізгі бөлігі диаметрі 6,5 метр болатын саған түріндегі (қазақ мәдениетінде қолданылатын сазды ыдыстардың ерекше түрі) бөлік және диаметрі 2,8 метр күмбезді кіреберіс бөлігі.

Баяндамашының айтуынша, Ақмола облысында барлығы 1733 ескерткіш болса, оның 5-і республикалық, 1034-і жергілікті маңызы бар, 694-і алдын ала есепке алынған. Сондай-ақ облыста «Қасиетті Қазақстан» тізіміне енген 45 киелі нысан бар. Қорғалжын ауданында олардың алтауы бар. Бүгін біз олардың екеуі туралы ғана баяндадық.