Фотосуретте ұсқынсыз көрінетін әлем қалаларының рейтингі құрылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тарихи құндылығына қарамастан британдықтардың астанасы фотографиялық тұрғыда суретте жақсы көрінбейтін қалалардың тізіміне енді.
Атап айтқанда, Тұманды Альбион астанасы әлемнің фотосуретте ең ұсқынсыз көрінетін алты қаланың бірі ретінде танылды.
Лондоннан кейінгі орында рейтинг бойынша ағылшындардың Лутон және Милтон-Кинс атты тағы екі қаласы, сондай-ақ итальяндық Неаполь жайғасты.
Лондон өзінің көмескілігімен және жабырқаңқылығымен фотосуретте ұсқынсыз көрініп отыр, бұл жердегі құрылыстардың көпшілігі сұр немесе күңгірт түстерде салынған.
Алайда, көпшілік адамдар аталған сараптауларға қарамастан, британдықтардың астанасы ерекше тартымтылығымен көзге түсетінін алға тартуда, деп жазады Росбалт