17:42, 07 Тамыз 2012 | GMT +5
Фототаспа: Астанада тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында тағы 6 үй салынды
АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - 2012 жылдың І жартыжылдығында Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Астанадағы № 187 көшеде көппәтерлі 6 үй салынды.

Бұл туралы Pm.kz. сайтынан хабарланды.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шарышылығы істері агенттігінің статистикалық деректеріне қарағанда, 2012 жылдың қаңтар-шілде айларында елордада 637,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2011 жылғы көрсеткішке 100,7% құрайды. Бұл ретте жеке тұрғын үй құрылысын салу 29,1 мың шаршы метрді құрап, 2011 жылғы көрсеткішке қарағанда 20,4%-ға артқан.
Бұдан бөлек, 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2012 жылдың 6 айында Астанада 11 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй бой көтерген, ал 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында 44,4 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй пайдалануға берілді.