16:46, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Фототілшілер арасында «Қысқы олимпиадалық спорт түрлері» деп аталатын шығармашылық байқау жарияланды
АЛМАТЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Туризм және спорт министрлігі фототілшілер арасында «Қысқы олимпиадалық спорт түрлері» деп аталатын шығармашылық байқау жариялады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оны Спорт комитетінің Штаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясы ұйымдастырып отыр. Бұл шараның басты мақсаты - үздік спорт фототілшілерін анықтау. Бұл сайысқа олар 20х30 сантиметр көлемінде түсірген фотоларын (4 данаға дейін) жібере алады. Үміткерлерді тіркеуді Штаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметі ақпанның 5-іне дейін жүргізеді. Байқау лауреаттары қысқы спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командалары қатысатын спорттық-бұқаралық шараларды насихаттауға тартылады деп жоспарланып отыр.