Франц-Иосиф Жері архипелагында ақ аю адамды талады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франц -Иосиф Жері арктикалық архипелагындағы Александр Жері аралында ақ аю адамды талап өлтірді, деп хабарлады ТАСС "Русская Арктика" ұлттық саябағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 5 қаңтарда орын алды, алайда ол туралы қазір ғана белгілі болды. Солтүстік флот үшін "Арктический трилистник" тұрғын үй кешенін салып жатқан "Запсибгазпром-Газификация" компаниясының монтаждаушысы оқиға орнында көз жұмды.
"Түскі астан кейін ер адам жұмыс орнына бара жатқанда оған ақ аю шабуыл жасаған. Ол жалғыз бара жатқан, осылайша ол ұлттық саябақ пен компанияның қауіпсіздік техникасын бұзған. Аюды осы компанияның өзге қызметкері байқап қалды. Ол да түскі астан жұмысына бара жатқан.
Ол пиротехникалық құралдармен жыртқышты үркітіп, кейінірек сол жерде жатқан мәйітті байқаған», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.