Франчайзинг - кәсіпкерлікті бастауда тәуекелді төмендетуге бағытталған бизнес жүргізудің өте нәтижелі түрі - Даму қорының Басқарушы директоры

АЛМАТЫ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Франчайзингтің дамытуды "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры жұмысты жоспарлы түрде жүргізіп келеді.

Франчайзинг - кәсіпкерлікті бастауда тәуекелді төмендетуге бағытталған бизнес жүргізудің өте нәтижелі түрі - Даму  қорының Басқарушы директоры

Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан "Қазақстандағы франчпайзингтің 2012 жылғы дамуын моделдеу деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды.

"Қазірше Қазақстандағы франчайзингті аса қарқынды дамуда деп айтуға болмайды. Елде мыңнан астам франчайзинг түрлері жұмыс істеуде. Олардың басым бөлігі, яғни 47 пайыздан астамы сауда саласында. Оның жақсы жағы да, жаман жағы бар. Қазір бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың көбі шикізатты өңдеу және өндіріс саласына бағытталып отыр. Кәсіпкерлер мемлекеттік көмекті субсидия, кепілдік түрінде алуға қолдары жетпейді", - дейді "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның Басқарушы директоры Ғабит Лесбеков. Ғ. Әбдімүтәліпұлының айтуынша, франчайзингті насихаттау мен дамыту қордың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясында концептуалды тұрғыда қарастырылған. Бұл бағытта Франчайзинг одағымен 2 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Ол "Бизнес кеңесші" бағдарламасы шеңберінде курсқа кіргізілді. Курстан өткен кәсіпкер франчайзингтің не екенін, қалай қолдануға болатынын, қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар екенін білетін болады. Сол арқылы қазір кәсіпкерлердің белгілі бір класы құрылуда.