Франция 10 мыңнан астам босқынға баспана бермек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция елге босқындар ағынының көбеюіне байланысты жәрдем ретінде 10 мыңнан астам мигрантқа баспана беру жоспарымен бөлісті, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Тұратын жері жоқ босқындар қараусыз ғимараттар мен көшені жағалап күн кешіп жүр. Бұдан бұрын Франция билігі Париж маңындағы босқындардың заңсыз лагерін қуып, Италия аумағынан француз шекарасын кесіп өткен мигранттарды кері қайтарған болатын.