Франция Әскери-теңіз күштерінің екі жоюшы ұшағы Жерорта теңізіне құлады

АСТАНА.  Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат -    Франция  Әскери-теңіз күштерінің  екі Rafale жоюшы  ұшағы  әуеде  соқтығысып қалды  және Жерорта теңізіне  құлады, 

Франция  Әскери-теңіз күштерінің  екі жоюшы  ұшағы Жерорта теңізіне  құлады

деп     хабарлайды  Reuters агенттігі.

Франция  Әскери-теңіз күштерінің  ақпараты  бойынша, оқиға     француз-испан  шекарасына  жақын  маңдағы     Перпиньян  қаласынан   30 шақырымдай  жерде,  теңіздің  үстінде болған.  Ұшақтар «Шарль де Голь»   авианосец кемесінен  ұшқан.  Екі ұшақ   жөндеу  жұмыстарынан кейінгі  сынақтан   өтіп жатқан.

Қазір     ұшақтар құлаған ауданда  құтқару  операциясы  жүргізілуде. Құтқарушылар ұшқыштардың біреуін     тапты.    Ол    катапульт жасап  үлгеріп,  аман қалған.  Екінші  ұшқыш  әзірге  із-түзсіз  жоғалғандар  санатында.