Франция билігі алжирлік ұшақ құлатылды деген болжамды теріске шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бортында 116 жолаушы болған алжирлік Air Algerie ұшағының апатқа ұшырауының себебі ауа райынының қолайсыздығы деп санайды француз билігі.

Франция билігі алжирлік ұшақ құлатылды деген болжамды теріске шығарды

Ұшақ атып түсірілді деген нұсқа теріске шығарылды, деп нақтылады Францияның көлік бойынша мемлекеттік хатшысы Фредерик Кювелье. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

110 жолаушысы және алты экипаж мүшесі ұшқан McDonnell Douglas MD-83 ұшағы Уагадугудан (Буркина-Фасо астанасы) Алжирге AH5017 рейсімен шыққан. Қазіргі сәтте жолаушылар арасында 51 француз, 24 Буркина-Фасо азаматы, сегіз ливандық, төрт алжирлік, екі Люксембург азаматы, бір бельгиялық, бір швейцариялық, бір нигериялық, бір камерундық, бір Украина азаматы мен бір румындық азамат болғаны анықталды. Ұшақ апат болған орынды күзету үшін Франция Малиге әскери қызметкерлерін аттандырды.