Франция билігі Дюнкерктегі босқындар лагерін бұзбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның солтүстігіндегі Дюнкерктегі босқындар лагерін бұзбақ, деп хабарлады Би-би-си "Врачи без границ" ұйымына сілтеме жасап.

Франция билігі Дюнкерктегі босқындар лагерін бұзбақ

Билік ақпаратынша, лагерьде мыңнан астам адам тұрады.

Оларға осыдан бір шақырым жерде орналасқан "Врачи без границ" ұйымдастырған жаңа лагерьге көшуге кеңес берілді.  

29 ақпанда Франция билігі Каледегі "Джунгли" ретінде белгілі босқындар лагерін бұзды. Лагерь өз дүкендері, дәмханалары және діни мекемелері бар шағын қала түрінде болған.

Лагерьді қиратқанда  полиция осы жерде мекендеген босқындарға қарсы «көз жасаурататын» газды пайдаланған. Сәрсенбі күні лагерьді бұзу шаруасы жалғасты.