Франция билігі көрермендерді 2016-ЕЧ ашылуына арнайы пойызбен жеткізуге уәде беруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция билігі теміржолшылардың ереуілге шығуына қарамастан футбол бойынша Еуропа чемпионатының ашылу матчына көрермендерді уақтылы жеткізуге уәде берді.

 Франция билігі көрермендерді  2016-ЕЧ ашылуына арнайы пойызбен жеткізуге уәде беруде

Бұл туралы AFP хабарлады.

Парижге жақын жерден  арнайы пойыз жүретін болды, ол жанкүйерлерді Франция мен Румыния құрамалары арасындағы матчқа жеткізеді, деп хабарлады ТАСС.

  Кездесу бүгін Парижде мәскеу уақыты бойынша сағат  22:00-де басталады.