Франция білім министрінің зайыбы асылып қалған

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Франция білім министрі Люк Шательдің отбасында қайғылы оқиға болды: 2012 жылы 22 қаңтар күні таңертең оның зайыбы Астрид Херреншмидт Булонь-Бийанкурда орналасқан жеке үйінде өлі күйінде табылды.

Франция білім министрінің зайыбы асылып қалған

Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел асылып қалған, деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг француз БАҚ-на сілтеме жасап.

 Министр зайыбының өлімін растады. Ерлі-зайыптылар 1991 жылдан бері некеде тұрған, олардың төрт баласы бар. Өзіне өзі қол жұмсауға не түрткі болғаны әзірше белгісіз.

Ал Мәскеуде жақында басқа өзіне өзі қол жұмсау болды. Косыгин көшесінде орналасқан өз пәтерінде  Out There Media Russia ірі жарнама агенттігінің менеджері Олег Хрипунов өзін өзі атып тастады.

Ер адамның оқ тиген мәйітін оның көршілері тауып, кідірмей полиция қызметкерлерін шақырған. Қазіргі кезде өзіне өзі қол жұмсау фактісі бойынша тергеу алдындағы тексеріс жүргізілуде.