22:43, 30 Тамыз 2015 | GMT +5
Франция босқындарға қарсы Шығыс Еуропа елдерін сынға алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Сыртқы істер министрі Лоран Фабиус толассыз ағылып жатқан босқындар «тасқынына» қатысты адамшылыққа жат әрекетке барып отырған Еуропаның бірқатар елдерін сынға алды, деп жазады ВВС агенттігі

Ол квота болса да мигранттарды қабылдаудан бас тартқан Шығыс Еуропа елдерін сынады. Ол сондай-ақ, Сербиямен шекарасын тікенек сыммен қоршап алған Венгрияға да қатысты пікір білдірді. Ол Мажарстанның бұл әрекетін еуропалық құндылықтарға қайшы деп атады. Айта кету керек, Франция Британия және Германиямен бірге министрліктер деңгейінде босқындар мәселесін талқылауға бағытталған шұғыл кездесу өткізуге келісті.