Франция, Британия, Италия және АҚШ басшылары Ливиядағы жағдайды талқылады
АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше АҚШ Президенті Барак Обама француздық әріптесі Николя Саркозимен, Ұлыбритания мен Италияның премьерлері Дэвид Кэмерон мен Сильвио Берлусконимен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл жөнінде ВВС сайтында хабарлама таратылды.
Әңгіме барысында Ливиядағы жаппай тәртіпсіздік жағдайлары талқыланды.
Әңгімеге қатысушылардың пікірлері мынаған сайды: ливиялықтардың өз тағдырларын айқындауға деген құқықтары құрметтелуі тиіс.
Мемлекет басшылары сондай-ақ, кейбір АҚШ пен еуропа елдері қарастырып отырған Ливия үкіметін жауапқа тарту, елге гуманитарлық көмек беруге байланысты мәселелерді де талқылады.