Франция елшілігі Астанада «14-18» атты цифрлы көрмесін ұсынды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бұл аталған көрмені Француз Институты және Бірінші Дүниежүзілік соғысының жүзжылдығы миссиясы мен Француз тілін шетелде оқыту агенттігі (АЕFE) серіктестігі ұйымдастырып отыр. Бұл әлем елдерінде өтіп жатқан Бірінші Дүниежүзілік соғысты еске алу шараларының бірі.
Педагогикалық мақсатта ұйымдастырылған «14-18» көрмесі Францияның солтүстігінен шығыс майданына дейін шайқастар, сонымен қатар соғысқан халықтардың жағдайы, зардап шеккендердің басынан өткен қилы кезеңдерді еске түсіреді.
Бұл шара Француз Институты 2013 жылы ұсынған «Альбер Камю 1913-2013» көрмесі аясында физикалық нұсқасы мен цифрлық контентін бірлестіріп қолданылған технология негізінде ұйымдастырылған. Көрме көптеген елдерде көрсетіліп, мыңдаған келушілердің назарын аударды.
Алғашқы рет Қазақстан халқына «14-18» көрмесі бүгін, 15 қазан күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстандағы Франция Республикасының Елшісі Франсис Этьен және Souvenir français қауымдастығының президенті Серж Барселлинидің қатысуымен ашылды.
2016 жылдың соңына дейін «14-18» Қазақстанның қалаларында көрсетіледі. Көрме Қарағанды қаласында 16 қазан күні сағат 12:00-де Француз Альянсында көрсетіліп, кейін Алматы қаласы тұрғындарының назарына ұсынылады.