Франция елшісі Абай елінде болды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ Семейге келіп, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейін аралады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады.

Франция елшісі Абай елінде болды

Елші музейдің экспозициялық залын тамашалады. Филип Мартин Абай шығармаларына, қазақ халқының ауыз әдебиетіне, шығыс, орыс және еуропа әдебиетіне қызығушылық танытты.

Француз дипломаты Абайдың поэзиясы, музыкасы және жалпы шығармашылығы әлемдік мәдениетте ойып орын алғандығын жеткізді.

Филипп Мартинэ «Зерде» құрмет кітабына естелік жазба қалдырды. Музей директоры Болат Жүнісбеков қонаққа естелік сыйлық - төрт тілдегі Абай шығармаларының жинағын тарту етті, деп хабарлады қалалық мәдениет бөлімі.