Франция «Еуро-2016» турнирінің қауіпсіз өтуі үшін экстремистік шабуылға қарсы оқу-жаттығу өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция батысындағы Бордо қаласындағы футбол стадионында экстремистер шабуылдаған жағдайда жасалатын іс-қимылға арналған оқу-жаттығу өтті. Оған франциялық өрт сөндірушілер, полицейлер, «жедел жәрдем» қызметкерлері қатысты, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Ішкі істер және денсаулық сақтау министрлері Марисоль Турен мен Бернар Казнев журналистермен әңгімелесу кезінде олардың мақсаты - «Еуро-2016» турнирінің барынша қауіпсіз өтуі екенін айтты.

«Еуро-2016 қауіпсіз, жайлы жағдайда өткенін қалаймыз, сондықтан да қауіпсіздікке ден қоятын тетіктерімізді тексеру үшін көптеген жаттығулар өткізудеміз», - деді «Франс пресс» агенттігіне берген сұхбатында Бернар Казнев.

Туреннің мәлімдеуінше, Еуро-2016 жарысына дайындық кезінде 2015 жылғы Парижде болған шабуылдағы тәжірибе ескерілді.
«Ең күрделісі - бір уақытта өңірдегі көп халыққа қалай жәрдем көрсету керек екенін түсіну. Ол жерде медициналық жағдай Париждегідей емес», - деді Турен.

Кезекті еуропалық біріншілік Францияда 2016 жылғы 10 маусымнан 10 шілде аралығында өтеді. Бордода төрт топтық матч және турнирдің ширек финалы өтеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram