Франция футболшысы сақалын қырып тастауды талап еткен клубпен келісімшартын үзді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның «Эвиан» футбол клубының қорғаушысы Гаэль Живенің клубпен келісімшартын үзуіне тура келді. Оған футболшының сақалы себеп болған.

Франция футболшысы сақалын қырып тастауды талап еткен клубпен келісімшартын үзді

«Паскаль Дюпрамен және клуб президентімен сөзге келісе алмадым. Негізгі құрамдағы алғашқы матчта ойнағаннан соң ақылға сыймайтын және футболға еш қатысы жоқ жайт үшін кеңсеге шақыртты. Мәселе өсірген сақалымда болған. Маған сақал тым ұзын болғандықтан, қырып тастау талабы қойылды. Мен 33 жастамын, олай істеуге болмайды ғой. Мені жихадшы деп таныған, шын мәнінде мен мұсылман да емеспін. Қандай ессіздік!», - деп баяндады Гаэль.