Франция «Кока-Колаға» салық салмақшы

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Салық заңнамаларын реформалау аясында Франция билігі құрамында қанты бар алкогольсіз сусындарға салық салуды енгізуді ұсынып отыр,

Франция «Кока-Колаға» салық салмақшы

деп жазады «РБК daily» газеті.

Елдің Премьер-министрі Франсуа Фийон құрамында қанты бар алкогольсіз сусындарға салық салуды енгізуді ұсынады. Сол арқылы Париж екі мақсатқа қол жеткізуді көздейді: біріншіден, ұлттың денсаулығын сақтауды ойласа, екіншіден, бюджеттің қалтасын қампиту.

Жаңа енгізілетін салық өз күшіне келесі жылдан бастап енеді және қазынаның қоржынына жылына 120 млн. еуро алып келеді деген болжам бар.