Франция мен Қытай ойын қарақшылығының көшбасшысы танылды

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Франция, Испания, Италия, Қытай және Бразилия ойындарды жиі заңсыз жүктеп, көшіретін елдер ретінде танылды. Бұл туралы Lenta.ru Gamasutra сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Франция мен Қытай ойын қарақшылығының көшбасшысы танылды

Бұл деректерді Ойын-сауық бағдарламалық камтамасыз ету қауымдастығы (ESA) жариялады. Деректерді жинау кезінде ең алдымен файл айырбастау желiлерін пайдаланушылардың қызметi бағаланды. Заңсыз көшірілген ойындардың 54 пайызы жоғарыда аталған бес елге тиесілі.