Франция: орман өртіне байланысты 1700-дей адам жедел көшірілді
АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Кеше басталған орман өртіне байланысты француз өкіметі Вар оңтүстік департаментіндегі Рокбрюн-сюр-Арженс қаласының төңірегіндегі елді-мекендерден 1700-дей адамды жедел көшірді.
Жергілікті префектураның мәліметтері бойынша, жалын 150 гектар аумақты жалмап үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Маяк» радиостансасына сілтеме жасап.
Жалынды қалаға қарай бағыттап отырған жел жағдайды қиындатып отыр. Қауіптің алдын алу мақсатында жардармерия мен өрт сөндіру-құтқару қызметтеріне қала сыртындағы кэмпингтерден екі мыңдай туристі және қаланың шеткі орамдарының тұрғындарын көшіру туралы нұсқау беріліп отыр.
Өртті сөндіруге 300-дей өрт сөндіруші, жерүсті және әуе техникасы жұмылдырылған. Орман өрті - Оңтүстік Еуропа үшін қалыпты құбылыс. Тілсіз жаудың салдарынан Испания, Италияның Сардиния және Сицилия аралдары, сондай-ақ Грекия қатты зардап шегіп отыр. Францияда өрт Марсель қаласына жақын келіп қалды, ал Корсикада 5 мыңнан астам гектар бірегей орман алқаптары жойылып кетті.