Франция өзінің заңнамалық құжаттарынан «әке», «ана» сөздерін алып тастайды
АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Франция бір жынысты некені заңдастырып, оларға бала асырап алуға рұқсат беріп қана қоймай,
ресми құжаттардағы «әке» және «ана» сөздерінен арылатын болады. Бұл туралы «Коммерсантъ» жазды.
Дәстүрлі емес отбасыларға ыңғайсыздық тудырмас үшін құжаттарда «ата-ана» сөзі жазылатын болады. 31 қазан күні үкіметте таныстырылатын заң жобасында жазылғандай «неке - ол бір немесе әртүрлі жынысты адамдардың одағы».
Бұнымен қоса жаңа өзгертулер бір және әртүрлі жынысты отбасыларға бала асырап алуға (2013 жылдан бастап) тең құқық беретін болады.
Жаңа ережелерге католиктік шіркеуі қарсылық білдірді.
Айта кетейік, дәстүрлі емес некелерді заңдастыруды өзінің сайлауалды бағдарламасында Франция президенті Франсуа Олланд уәде еткен болатын. Қазір бұл елде «бір жынысты серіктестік» қана заңдастырылған, бірақ оларда бала асырап алу құқы жоқ.
Ағымдағы жылдың жазында өткізілген әлеуметтік сауалнама гейлар француздық электораттың 6,5 пайызын құрайтындығын көрсетті. Ал сайлаушы-католиктердің саны олардан екі пайызға аз.