Франция палестиналық мәселеде ымыраға келуді ұсынды

Америка Дауысының хабарлауынша, сәрсенбі күні Бас ассамблеяда сөйлеген сөзінде Франция президенті Николя Саркози мәселеден шығудың өзіндік нұсқасын ұсынды. Оған сәйкес, палестиналықтар БҰҰ-да жоғары бақылаушы мәртебесіне ие болып, сонымен қатар Израильмен бейбіт келісім жүргізіп, келісімнің бекітілу мерзімі нақты белгілейтін болады.
«Келісім жүргізуді бастап, нақты мерзімін бекітейік. 60 жыл өтті, ал біз болсақ бір сантиметрге болсын алға жылжыған жоқпыз. Бұл әдісімізді өзгертіп, жаңа мерзім белгілеуіміз керек деген сөз емес пе? Бір ай ішінде келіссөздерді жаңартайық. Алты ай ішінде шекаралар мен қауіпсіздік шаралары бойынша келісімдердің қуатталуын қамтамасыз етеміз. Бір жылдың ішінде соңғы қорытынды келісім бекітілуі тиіс», - деді Н. Саркози.