Франция полициясы Кала қаласындағы мигранттарға арналған лагерлерді бұзуға кірісті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция полиция\сы Кала қаласындағы мигранттарға арналған лагерлерді бұзуға кірісті, деп хабарлады 24.kz.
Жергілікті биліктің мұндай шешім қабылдануына келімсектер қоныстанған уақытша кешендерде қотырдың таралуы себеп болған. Ал көп адам шоғырланған орталықтарда тазалық талаптарының тиісті деңгейде сақталмауы жұқпалы аурудың шығуына әкелді. Француз шенеуніктері мұндай қауіпті жағдайдың қалыптасуы індеттің лагер аумағынан шығып, қала халқының денсаулығына анық қатер төндіре бастады дейді. Дегенмен билік мигранттарға бұл арадан өз беттерімен кетуге 7 күн мерзім берген болатын. Бірақ келімсектер бұған мүлде құлақ аспаған. Уақытша орталықты мекендеген 800 адам негізінен Азия, Африка және Таяу Шығыстан келген босқындар.