Франция Премьер-министрінің тегі «ұятсыз сөз» болып шықты

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат  -  Франция үкіметінің жаңа басшысы Жан-Марк Эро (Ayrault) араб бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қатырып қойды - сөйтсе, оның тегі араб тілінде транскрипция ережесі бойынша әдепсіз сөз ретінде жазылады

Франция Премьер-министрінің тегі «ұятсыз сөз» болып шықты

екен. Бұл туралы BNews.kz жазады.

Араб тілінде жазылған «Эро» тегі «оның жыныс мүшесі» дегенді білдіреді, деп хабарлайды obozrevatel.com «Bloomberg» агенттігіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде араб журналистері оқырмандардың ашу-ызасын тудырмау үшін, Францияның жаңа Премьер-министрінің тегін шамалап жеткізу әдісін тапты. Тіпті, кейбір БАҚ оның тегін жазудан бас тартып, жәй ғана Жан-Марк деп атап жатыр.

Өзге журналистер Эроны Аро, Айро және Айгроға айналдырып немесе барлық әріптерді толығымен французша жазуды артық көріп отыр.

Еске сала кетейік, Францияның жаңа премьер-министрі 15 мамырда тағайындалған болатын.